«Келешек» бағдарламасы бойынша кем дегенде банк жүйесіндегі ең төмен деңгейдегі сыйақы есептелген. Екінші деңгейлі банктер Ұлттық банк бекіткен тарифтен сыйақы ставкасын кеміте алмайды. Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов «Келешектің» тиімділігін түсіндірді.
«Жыл сайын мемлекеттік сыйақы түсіп тұрады. Оның ішінде 5 пайыз жылдық сыйақы барлық салымшыға, 7 пайыз сыйақы көпбалалы отбасыларға арналған», – деді Ешенқұлов.
Сондай бастапқы капитал айлық есептік көрстекішке негізделген. Мемлекеттік сыйақы мен банк ставкасы бойынша өзара құнды есептесе, жинаққа 20% өсім қосылады.
«Басқа депозиттермен салыстырғанда мемлекеттік жылдық сыйақы мөлшері 5-7% деңгейінде болады. Сондай-ақ инфляциядан қорғау қарастырылған», – деді министрдің орынбасары.
Бағдарлама 2025 жылдың наурыз айында іске қосылады. Ерікті жинақ жүйесі арқылы арқылы әр отбасы білім беру капиталын қалыптастырады.