Тәуелсіздік мерекесі кезінде Қазақстан мен Қытай арасында автокөлік өткізетін пункттер жабық болады

Жарияланды
16-17 желтоқсан күндері Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекеттерінен автокөлік өте алмайды / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекеттерінде автокөлік қозғалысы тоқтайды. Мемлекеттік кірістер комитеті  жолаушыларды ескертті.

Екі елдің келісіміне сай мереке күндері өткізу пункттері уақытша жабылады. Шекарадан көліктермен өтуге немесе жүк тасымалдауға мүмкін емес. Адамдарға да тыйым салынды.

Қытайға пойыздармен қатынауға болады. Комитет шекара тұсында жел күшейіп, ауа райы қолайсыз болуы мүмкін екенін қаперге салды.

«Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Осыған байланысты комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады», – деп хабарлады салық органы.

Наурыз мерекесі кезінде де қазақ-қытай шекарасы жабық болды.

Сондай-ақ оқыңыз