Оңтүстік Кореяның Президенті Юн Сок Ёл өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын жария етті

Жарияланды
Оңтүстік Кореяның Президенті тақ үшін күреседі/ фото: Anthony Wallace/AFP/

12 желтоқсан күні Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёл өзіне тағылған айыпты мойындамайтыны мәлімдеді. Корея басшысы теледидар арқылы үндеу таратты.

Yonhap агенттігінің ақпараты бойынша ол доғарысқа кетуден бас таратқан. Юн Сок Ёл елден кешірім сұрап, әлі күресетінін айтты.

14 желтоқсанда оның тағдыры шешіледі. Корея парламенті сенімсіздік вотумын қайтадан дауысқа салады.

Юн Сок елді дағдарыс жайлағанын, оның бетін қайтаруға күш салатынын хабарлады. «Маған импичмент жариялансын, тергесін, мен күресте әділет жолын таңдаймын», – деді ол.

Президенттің елде әскери жағдай жариялауы сәтсіз болды. Оппозиция күштері демде күш алып, қатаң режимді болдырмай тастады.

Одан кейін Юн Сок Ёлді тергеу басталды. Бірқатар лауазымды адамдарға қатысты тексеріс басталды. Тіпті Президент кеңсесіне тінту жүргізілген. Қорғаныс министрі бірден отставкаға кетті.

Юн Сок Ёлға мемлекетке сатқындық жасады деген сарында ауыр айып тағылып отыр. Бүгінгі мәлімдемесінде Президент дүрбелең үшін елден тағы да кешірім сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз