Банк пен қаржы

Теңге тағы құнсызданды. Доллар бір аптада қанша пайыз нығайды?

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өткен аптада доллар/теңге жұбындағы бағам құбылмалы болды. 6 желтоқсан, жұма күнгі кешкі саудада 513 теңгеде сатылған доллар кейінгі 7 күнде қайтадан 10 теңгеге нығайды. Қазақстан қор биржасыдағы кешкі саудада доллардың орташа құны 522,8 теңгені құрады.

Алдыңғы апта соңында теңгенің күрт нығаюын сарапшылар рубль бағамының нығаюымен байланыстырған. Ол кезде 1 доллар 100 рубльге тең болды.

Алайда теңге бұл деңгейде ұзақ тұра алмады. 11 желтоқсан күнгі саудада теңге қайтадан құнсыздана бастады. Сәрсенбі доллар 10 пайыздай қымбаттап, биржадағы орташа бағам 517,7 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл күні Ресей валютасы да долларға қатысты құнсызданған.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сауалнама жүргізген сарапшылар 2025 жылдың басына қарай доллар бағамын 524,1 теңгеге жетеді деп болжаған. Ал Halyk Finance сарапшылары 505 теңге болады деп пікір білдірген.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамын шектеп ұстауға қарсы. ҰБ басшысы доллар бағамын шектеу нарықта теңгерімсіздік туғызып, девальвацияға апарады деген пікірде.