Lifestyle

Үндістандық 18 жастағы Гукеш Доммараджу шахматтан тарихтағы ең жас әлем чемпионы болды

Үндістандық 18 жастағы Гукеш Доммараджу шахматтан тарихтағы ең жас әлем чемпионы болды
Үндістандық 18 жастағы Гукеш Доммараджу шахматтан тарихтағы ең жас әлем чемпионы болды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үндістандық 18 жастағы гроссмейстер Гукеш Доммараджу шахматтан тарихтағы ең жас әлем чемпионы болды. Ол қазіргі әлем чемпионы қытайлық Дин Лиженді ойсырата жеңді.

Ақ тастармен ойнаған Лижен қате жүріс жасап, өзінің мықты фигурасынан айырылып қалғаннан кейін, Доммараджу жақсы ойын көрсетіп, партияда жеңіске жетті. Дәлірек айтқанда, 55-ші жүрісте Дин ладьяның орнын ауыстырып, қате жіберген.

Фото: Марии Емельяновой/Chess.com, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы World Chess Championship Сингапурда өтті.

«Ойын тең нәтижемен аяқталуы керек еді, бірақ қысым күшейген кезде Дин қателік жіберді», – деп түсіндірді Chess.com ойынға шолуында.

Дин Лижен жылдың көп бөлігінде депрессиямен күресіп, психикалық жағдайын реттеу үшін ем де алған. Сарапшылар оның осы жағдайы финалдағы ойынға тікелей әсер еткенін жазады. Ал Доммараджу болса, өзінің йогамен айналысып жүргенін, ойынға негізгі дайындығы өз ойында жүріп жатқанын айтқан.

Фото: FIDE / Eng Chin An, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үндістанның шахмат астанасы Ченнайдан шыққан вундеркинд 12 жасында гроссмейстер деңгейіне жетіп, шахмат әлемінде супержұлдызға айналды. Осы уақытқа дейін спортшы әлемде бесінші, Үндістанда екінші орында тұрған еді. Енді рейтингтің өзгерері сөзсіз.

Бұған қоса, Гукеш Доммараджу 1985 жылы 22 жасында титулды жеңіп алған ресейлік гроссмейстер Гарри Каспаровтан төрт жас кіші. Яғни енді ресми түрде тарихтағы шахматтан ең жас әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, биыл FIDE World Chess Championship жүлде қоры 2,5 млн долларды құрайды.