14-16 желтоқсан күндер ауа райы қалай құбылады?

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
14-16 желтоқсан күндер ауа райы қалай құбылады? / фото: архив kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.

14-15 желтоқсан: қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанып отыр. 16 желтоқсан: елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Барлық өңірлерде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран күтіледі.

Ауа температурасы: солтүстік-батыс аймақтарда түнде -10…-18°C. Солтүстік және орталықта: түнде -15…-25°C. Оңтүстік аймақтарды керісінше күн жылынады, түнде ауа температурасы -4…-5°C болса, күндіз 5° жылылықты көрсетеді.

Астана

15 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде және күндіз -5…-7°C, күндіз төмендейді.
  • Жел: оңтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
  • Құбылыс: түнде жаңбыр қарға ұласады, күндіз қар, боран, көктайғақ, тұман.

16 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде -16…-18°C, күндіз -10…-12°C.
  • Жел: оңтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
  • Құбылыс: қар, боран, тұман.

Алматы

14 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.
  • Жел: оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, 3-8 м/с.
  • Құбылыс: жауын-шашынсыз.

15 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +5…+7°C.
  • Жел: батыстан, 3-8 м/с.
  • Құбылыс: күннің соңында жаңбыр мен қар.

16 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде -12…-14°C, күндіз -7…-9°C.
  • Жел: солтүстік-батыстан, 2-7 м/с.
  • Құбылыс: қар, кей жерлерде қатты қар, тұман, көктайғақ.

Шымкент

14 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде 0…-2°C, күндіз +9…+11°C.
  • Жел: оңтүстік-батыстан, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • Құбылыс: күндіз жаңбыр.

15 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде және күндіз -1…+1°C, күндіз төмендейді.
  • Жел: оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.
  • Құбылыс: жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, боран.

16 желтоқсан:

  • Ауа температурасы: түнде -15…-17°C, күндіз -4…-6°C.
  • Жел: батыстан шығысқа, 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с.
  • Құбылыс: қар, боран, тұман.

Сондай-ақ оқыңыз