Cartier, Graff, Rolex, Chopard. ҚМА Перизат Қайраттың киім-кешегі тәркіленгенін хабарлады

Жарияланды
Перизат Қайраттың
Фото: Перизат Қайрат әлеуметтік парақшасынан алынды; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Bizbirgemizqazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкінен бөлек, киім-кешегінен айырылуы мүмкін. Өйткені олар тәркіленген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда», – делінген баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Перизат Қайраттың үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат дүние-мүлкін анықтаған. Олардың арасында қымбат техника мен Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. танымал әлемдік брендтердің киімі мен бұйымдары болған. Бұл қымбат заттардың барлығы тәркіленген.

Агенттік Перизат Қайраттың жымқырған ашасының сомасы өскенін хабарлайды. Алғашқыда 1,5 млрд теңгені жымқырғаны хабарланған. Ал ендігі сома 1,7 млрд теңгеге өскен. Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жиналған көмекпен қатар, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмекке деп жинаған қазақстандықтардың қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен.

«Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тәркіленген заттарға қатысты шешімді сот шығарады. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлайды агентітк.

Еске сала кетсек, Қаржы мониторингі агенттігі «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталғанын, оның 2024 жылдың көктемінде елдің 10 облысында болған су тысқыны кезінде халыққа көмекке деп жиналған 1,5 млрд теңгеге жуық қаражатты ұрлады деп күдікке ілінгенін хабарлады.  

Перизат Қайрат қамауға алынды деп хабарланған соң, қазақстандық танымал адамдар пікір білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз