«Дикий» Арманға қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды
Қаңтар оқиғасыдан кейін ұсталған «Дикий» Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталып, жарыссөз басталды. Бұл жөнінде адвокат Олег Чернов хабарлаған.
Адвокаттың пайымдауынша, 2025 жылдың басында Арман Жұмагелдиев пен оның төңірегіндегілерге үкім шығуы ықтимал.
Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген және басқа да айыпталған күдіктілерге қатысты сот процесі жабық өтіп жатыр.
Айта кететін жайт, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынғандардың ісіне қатысты алдын ала тыңдау 2023 жылы 21 қыркүйекте аяқталған болатын. Жалпы 45 адамға қылмыстық іс қозғалған.
Оларға «билігін асыра пайдалану», ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, қарақшылық шабуыл, заңсыз адамдарды бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, сондай-ақ бандитизм бойынша айып тағылып отыр.