Демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді: Сауда комитеті әр қаладағы өтетін уақыты мен орнын жариялады

Жарияланды (жаңартылды )
Онда  жемістер, көкөністер, ет және ет өнімдері, сүт және басқа да өнімдер сатылады./ Фото: shutterstock

Алдымыздағы демалыс күндері еліміздің түкпір-түкпірінде 20-ға жуық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ. Ішкі сауда ережелеріне сай, жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне басым орындар беріледі.

Сауда комитетінің мәліметінше, онда  жемістер, көкөністер, ет және ет өнімдері, сүт және басқа да өнімдер сатылады.

«Астана қаласында 14-15 желтоқсанда Н.Тілендиев, 12а мекенжайы бойынша өтеді. Алматыда Гоголь-Масанчи (Алмалы ауданы), Қазақфильм шағынауданы (Бостандық ауданы), Абай-Өтеген батыр (Әуезов ауданы), Меңдіқұлов – Бектұров (Медеу ауданы)  көшелері қиылымында ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

14 желтоқсанда Шымкент қаласының Мәделі Қожа, 1, ал 15 желтоқсанда Нұрсат ш/а, 7/1-де жәрмеңке өтеді.

14 желтоқсан күні  Көкшетауда Сүлейменов, 2Д (Жібек Жолы базары), Семейде Северный, 2 (Северный СОО) мекенжайы бойынша ұйымдастырылмақ.

Ақтөбеде 14 желтоқсан күні «ТАБЫС» коммуналдық базарында, Орал қаласының Ержанов көшесінде өтпек. Қарағандыда 134-квартал, «Global city» СОО мекенжайы таңдалып алынған. Қызылордада «Мәңгілік алау» алаңында, Петропавлда «Алтын Арман»,» Дария», «Қызыл Жар-Ақбастау» базарларында сауда көрігін қыздырмақ.

Түркістанда «Қуаныш», «Алтынбұлақ» базарларында әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.

Жезқазғанда Некрасов, 12 мекенжайы бойынша және орталық базарда ұйымдастырылады.

Атырауда әр сенбі сайын желтоқсан айының соңына дейін  «Мұнайшы» стадионының алдында, Әуезов, 28а көшесінде жәрмеңке өткізіледі. Ақтауда, облыстық аурухана алаңының алдында, 26 ш/а-да өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз