Lifestyle

Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды, олардың экономикалық әлеуеті 33 трлн доллардан асады

ықпалды әйелдер

Forbes әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімін жариялады. Олар 33 трлн доллардан асатын экономикалық әлеуетке ие және 1 млрд адамға ықпал ете алады.

Бірінші орында Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен тұр. Екінші орынға Еуропалық Орталық банктің басшысы Кристиан Лагард, үшінші орынға Италияның премьер-министрі Джорджия Мелони жайғасты. Төртінші орында Мексика президенті Клаудия Шейнбаум тұр.  Ең ықпалды әйелдердің ондығында General Motors-тың атқарушы директоры Мэри Барра, Amazon басшысы Джеффа Безостың бұрынғы әйелі, жазушы, филантроп Маккензи Скотт та бар. Шоу-бизнес әлемінен Бейонсе Ноулз пен Тейлор Суифт және тележүргізуші Опра Уинфри енген.

Әлемдегі ықпалды 100 әйелдің басым көпшілігі АҚШ-тан, одан бөлек Германия, Қытай, Үндістан, Жапония, Дания, Гонконг, Аустралия, Корея мен Танзания елдерінің өкілдері де бар. Power Women 2024 тізіміндегі әйелдерді қаржы, медиа, ықпалы және әсер ету саласы деген төрт көрсеткіш бойынша анықтады.

«Тізімдегі әйелдер әлемдегі үрдістерге қарсы тұрады. Мәселен, Малина Нгай денсаулық және сұлулық тауарларымен айналысатын As Watson атты ең ірі халықаралық ритейлердің бас директоры қызметіне тағайындалды. Power Women тізімінде 75-орында. Мелинда Френч Гейтс алдағы екі жылда әлемдегі әйелдердің ықпалын күшейту үшін 1 млрд доллар бөлуге уәде берді. Бүкіл әлемнің назарын әйелдер спортына аударған Кейтлин Кларк 100-орынға шықты», – деп жазады басылым.

Бұған дейін Forbes Woman Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің тізімін жазған еді. Олардың ішінде әдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Lancaster Holding тең құрылтайшысы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева бар.