Сыртқы жарнама нарығының көшбасшысы франшизасын іске қосады

Қазақстандағы цифрлық сыртқы жарнама нарығының көшбасшысы Citix франшизасын іске қосатынын хабарлайды.
«Бұл қадам сыртқы жарнама саласының кәсіпқойларына және кәсіп иелеріне компанияның ерекше экожүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Сол арқылы құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, сараптамалық құралдар, клиенттер базасы мен креативті шешімдеріне де қолжеткізе алады», – деп жазылған компания мәлімдемесінде.
Жарнама нарығында белсенді түрде цифрлық трансформация жүріп жатқанда Citix-тің жеке әзірлемелері, автоматтандырылған софт және сараптама жүйесі серіктестерге тиімділігі жоғары жарнамалық кампанияларды іске қосуға көмектеседі.
Франшиза алған серіктестердің 350-ден аса клиенттен тұратын жүйеге қосылуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ бизнестің барлық кезеңіне қолдау көрсетеді. Компанияның цифрлық экожүйесі Қазақстанда ғана емес халықаралық нарықта да өзінің табысты екенін көрсетті. Citix франшизаның ашылуы – нарық қатысушылары үшін мүмкіндіктердің кеңеюі ғана емес, қаланы цифрландыруды дамытуға қосқан үлес дейді компания өкілдері.
Citix – 2019 жылы негізі қаланған, Қазақстандағы DOOH сегментінің негізін қалаушы әрі көшбасшысы. Компания әлемдік деңгейдегі AdTech-экожүйесін жасайды.