Цукербер Трампқа 1 млн доллар қаржылай қолдау көрсетті
Facebook, Instagram сияқты танымал әлеуметтік желілерге иелік ететін Meta компаниясы жаңадан сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау салтанатын қолдау үшін 1 млн доллар аударды.
Технологиялық гигант иесі Марк Цукерберг қарашада Дональд Трамппен Мар-Лагодағы курортына барып, түскі аш ішкен еді. Ондағы мақсаты – сайлаудан кейін, Трамп және оның компаниясымен арақатынасты қалпына келтіру. Өйткені 2017 жылы Трамп Цукерберг пен Facebook әлеуметтік желісін «Трампқа қарсы» деп атап сынаған. Meta 2020 жылы президент Джо Байденді, 2016 жылы Трампты ұлықтау салтанаттарына қаражат бөлмеген.
11 желтоқсанда компания 1 млн доллар аударғанын бірнеше басылымға мәлімдеді. Ең алғаш болып Wall Street Journal хабарлады, кейін ВВС пен СВS агенттіктері мақұлдады. Инаугурация қаражаты жаңа мемлекет басшысы қызметіне кіріскен кезде ұйымдастырылатын іс-шараларды көтеруге бағытталады. Кейбірі мұндай қолдау жаңа әкімшіліктің көзіне көріну деп есептейді. АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трампты ұлықтау салтанаты келер жылы 20 қаңтарда өтетінін еске сала кеткен жөн болар.
Цукербер Трампқа не үшін қолдау жасап отыр
Трамп мен Цукербергтің қатынасы әуелден жақсы емес-ті. 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолда әлімжеттік көрсеткендері мақтап жазғаны үшін бұрынғы президент Трамптың Facebook пен Instagram-дағы парақшаларын бұғаттап тастағаннан кейін тіпті нашарлады. Содан бері Трамп Meta-ға өшігіп, Facebook-ті «халық жауы» деп атады. Сондықтан TikTok-қа тыйым салу туралы заң Facebook-тің пайдасына жарайды деген пікірін де жасырмады.
Тамыз айында Цукерберг Парламенттегі республикалықтарға хат жолдап, онда коронавирус пандемиясы кезінде Байден әкімшілігінің Facebook пен Instagram желілеріндегі бірқатар контентті цензуралау бойынша қысымына келіскеніне өкінетінін жазған. Ал Трамп қыркүйекте басып шығарған кітабында «Цукерберг 2024 жылы сайлауға араласса, өмірінің соңына дейін темір торға тоғылады» деп жазған. Алайда жаңа президент ол райынан қайтқанға ұқсайды. Кейін қазан айында қатысқан подкаста «Цукербергтің сайлауға қатыспағаны жақсы болды» деп, Трампқа шабуыл жасалғаннан кейін қоңырау шалып, жағдайын білгені үшін алғысын білдірді.
Не дегенмен Цукербергтің әріптесі Илон Маск секілді Трампқа аса жақын емесі сезіледі. Tesla мен X иесі Маск Трамптың сайлауалды кампаниясына да қаржылай қолдау көрсеткендіктен, «достарының» қатарына енді. Ол Масктың Үкімет тиімділігі департаментінің жаңа басшысы ретінде тағайындалуға алып келді. Цукерберге пен Маск арасындағы қатынастың жақсы емесі туралы жиі айтылады. Бұл сайлаудан кейін тіпті нашарлады деген ақпарат бар.