Amazon да Трамптың инаугурация қорына 1 миллион доллар аударды

Жарияланды
Amazon да Трамп қорына ақша құйды /фото: Unsplash/Christian Wiediger

Amazon Meta-дан кейін көп ойланған жоқ. Трамптың инаугурация қорына 1 миллион доллар аударды. Бір қызығы, Трамп  Президент болған кезде корпорация одан қысым көрген.

Дональд оның салық саясатын сынаған. АҚШ-тың пошта қызметі Amazon-ның қолбаласына айналды деп кінәлаған.

Байдан әкімшілігі де компанияны жақтыра қоймады. Қаңтар айында жасанды интеллект арқылы қызмет көрсеткен Amazon мен оның серіктестерін тексеру басталды.

Алпауыт компания жетекшісі Безос өз иелігіндегі The Washington Post газетін Трамп қарсыласы Харристі қолдауға тыйым салып, басы дауда қалды.

Дональдты ұлықтау кезінде Prime Video сервисі арқылы Amazon тікелей трансляция жүргізеді.

Amazon-ның өзі электронды коммерция және бұлттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы болып есептелінеді. Оның акцияларының 6 қарашадағы сауда-саттықтағы бағасы биылғы шілдеде тіркелген $201,45 шегінен асып түсті.

Технологиялық алпауыт шілде айынан бергі алғашқы рекордын орнатып, ең жоғары бағаға жетті. Бұл жайт Дональд Трамптың АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін орын алған.

Марк Цукерберг те Трамппен түскі ас ішкен. Одан кейін Meta 1 млн доллар аударды.

Сондай-ақ оқыңыз