Астанада бай мен кедейдің нәпақа табуында айтарлықтай айырмашылық бар

Жарияланды
желтоқсаншыларға
Астанада бай мен кедей ара жігі ажырап барады/ фото: kursiv.media

Тоғыз айдағы табыс көлемін шаққанда айырмашылық жер мен көктей. 2024 жылы дәулетті астаналықтар үй шаруашылығы жағдайында 64,3 миллиард теңге пайда түсірген. Ал табысы төмен тұрғындардың тапқаны – 8,7 миллиард. Data Hub 7,5 есе алшақтық бар екенін көрсетеді.

Астанада халықтың кіріс көзінің ала болуы Джини индексінен де анық көрінді. Ол 0,334 болып шарықтау шегіне жетті.

12 жылдан бері мұндай теңсіздік байқалмаған. Екі санат бойынша тұрғындардың 10 пайызының орташа жалақысы есептелінеді. Басқа өңірлерде мұндай тенденция байқалмайды. Алматыда айырмашылық 6,3 есе екені анықталды. Ал бір тоқсанда Астанадағы көрсеткіш едәуір өзгерген.

Шымкент (3,2) қаласы мен Маңғыстау (2,5) облысында тепе-теңдік барынша сақталған.

Ел бойынша түркістандықтар ең аз табыс табады. Екінші тоқсан қорытындысында атыраулықтардың жалақысы жоғары екені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз