Қазақстанның солтүстігінде оншақты ауыл жойылады. Қоғамдық кеңес 45 елдімекенді таратуды мақұлдаған.
Заңнама бойынша бір ауылда 50 адамнан кем тұрмауы керек. 45 ауылдың 38-інің әрқайсысында оншақты адам тұрады. Осы ауылдарда тұрғандардың саны 260-қа да жетпейді.
Солтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов жергілікті басылымға аталған елдімекендерде инфрақұрылым сапасы сын көтермейтінін айтқан.
СҚО-да жалпы 141 ауылды тарату жоспарда бар екенін айтылған. Облыс әкімдігі солтүстікке көш-қонды белсенді жүргізбек. Осы өңірдегі ауылдарға көшіп келгендердің әрқайсысына 55 380 теңге өтемақы қарастырылған.