Google Play ресейлік банк шоттарымен байланысы бар мобильді қосымшаларды шектейді

Жарияланды
Google Play ресейлік шотқа байланған қосымшаларды шектейді/REUTERS/Regis Duvignau/File Photo

26 ​​желтоқсанынан бастап Google Play цифрлық дүкені Ресейдегі банк шоттарын пайдаланатын мобильді қосымшаларды әзірлеушілермен байланысты үзеді.

Google компаниясы тұтынушыларды ақылы қолданбаларды сатып алудан, қолданба арқылы сауда жасаудан (соның ішінде жаңа жазылымдар) шектейтінін және Google Play Payments арқылы төленген жазылымдарды жаңартудан бас тартатынын хабарлады.

«Егер кірісті есепке алу үшін банктік шотыңыз Ресейде ашылған болса, онда 2025 жылдың 15 қаңтарында соңғы төлемнен кейін біз сізге ақша аудара алмаймыз», – деп ескертті компания өзінің тұтынушысына.

Google тарапынан ресейлік әзірлеушілер мен пайдаланушыларға қатысты бірінші шектеу емес. 2022 жылдың мамырында америкалық корпорация Ресейдегі әзірлеушілерге Google Play-де ақылы қосымшаларды жүктеп алуға және жаңартуға тыйым салды.

Сондай-ақ оқыңыз