Қазақстандық туристер Мальдив араларына жиі баратын болып шықты. Таиланд та таңдаулылардың қатарында тұр.
Data Hub дерегі бойынша Мальдивке жиі саяхаттайтындардың арасында 18-ші болып отандастарымыз тұр. Биылғы 11 айда 22,3 мың рет аяқ басқан. Былтырғы кезеңдегі көрсеткіштен 40%-ға көп. 14 жылдан бері мұндай өсім тіркелмеген.
Қазан айына дейін Таиландтың түкпір-түкпірін 114,3 мың рет аралаған. 2023 жыл есебінен 17%-ға артық. 15 жылдан бергі статистика өсіп тұр.
Биыл Пухетке қазақстандықтардың баруына болмайды деген дақпырт тарады. Бірақ бұл ақпаратты Таиланд билігі жоққа шығарды.
Грузия да саяхатшылар үшін сүйікті елдің бірі. Тоғыз айда 147 мың келім-кетім тіркелген. 13 жылдан бері осындай қарқын тіркелмеген.
Қазақстандықтар Хайнань аралдарында жиі демалған. Қонақүйлер есебіне қарағанда 1049%-ға бір-ақ өскен. Оған осы бағытқа ұшақтардың қатынауы себеп болған. Коронавирус өршіген кезде әуе рейстері тоқтаған.
Шри-Ланканы да шарлаудан алты жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетті.