Lifestyle

Қазақстандықтар Мальдив пен Таиландқа саяхаттауды жиілетті

Қазақстандықтар Мальдив пен Таиландта демалудан рекорд орнатты / Фото: pexels

Қазақстандық туристер Мальдив араларына жиі баратын болып шықты. Таиланд та таңдаулылардың қатарында тұр.

Data Hub дерегі бойынша Мальдивке жиі саяхаттандайтындардың арасында 18-ші болып отандастарымыз тұр. Биылғы 11 айда 22,3 мың рет аяқ басқан. Былтырғы кезеңдегі көрсеткіштен 40%-ға көп. 14 жылдан бері мұндай өсім тіркелмеген.

Қазанға дейін Тайландтың түкпір-түкпіріне 114,3 мың рет аралған. 2023 жыл есебінен 17%-ға артық. 15 жылдан бергі статистика өсіп тұр.

Биыл Пухетке қазақстандықтардың баруына болмайды деген дақпырт тарады. Бірақ онл ақпаратты Таиланд билігі жоққа шығарды.

Грузия да саяхатшылар үшін сүйікті елдің бірі. Тоғыз айда 147 мың келім-кетім тіркелген. 13 жылдан бері осындай қарқын тіркелмеген.

Қазақстандықтар Хайнань аралдарында жиі демалған. Қонақ үйлер есебіне қараған 1049%-ға бір-ақ өскен. Оған осы бағытқа ұшақтардың қатынауы себеп болған. Коронавирус өршіген кезде әуе рейстері тоқтаған.

Шри-Ланканы да шарлаудан алты жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетті.