Фармацевтика өндірісіндегі державалар әлемдік денсаулық сақтау саласындағы технологиялық даму мен инновацияның қозғаушы күші. Бұл елдер жоғары ғылыми-технологиялық базасы, озық инфрақұрылымы және фармацевтикалық нарықтағы күшті компаниялары арқылы ерекшеленеді. Дәрі-дәрмек өндірісінде АҚШ, Германия, Дания, Қытай, Үндістан, Жапония және Ұлыбритания сияқты елдер фармацевтикалық индустрияны дамытумен қатар, жаһандық денсаулық сақтау саласында шешуші рөл атқарады.
Нарықтық капиталы бойынша ірі 20 фармацевтикалық компаниялар
Бұл компаниялар инновацияға, жаңа дәрілерді әзірлеуге және денсаулық сақтау саласын жетілдіруге ерекше үлес қосуда. 2024 жылдың қараша айындағы мәліметтер бойынша төмендегі компаниялардың нарықтық капиталы мынадай:
Eli Lilly and Company
Нарықтық капитализация: 710 млрд доллар
Компания диабет, қатерлі ісік, иммундық жүйе және Альцгеймер сияқты әртүрлі ауруларға арналған препараттар шығарады. Eli Lilly соңғы кездері Альцгеймерге қарсы donanemab препаратымен танымал болды
Novo Nordisk
Нарықтық капитализация: 477 млрд доллар
Novo Nordisk диабет және семіздікке қарсы дәрі-дәрмектер, соның ішінде Ozempic және Wegovy препараттарымен танымал. Компания сонымен қатар жасанды интеллект арқылы дәрі-дәрмектерді дамытумен айналысуда
Johnson & Johnson
Нарықтық капитализация: 374 млрд доллар
Әлемдегі ең ірі фармацевтикалық және медициналық құрылғылар компаниясы. Оның өнімдері онкология, иммунология және вакцина салаларын қамтиды
AbbVie
Нарықтық капитализация: 313 млрд доллар
AbbVie биотехнология саласындағы ірі компаниялардың бірі және Humira сияқты ревматоидты артритке қарсы танымал препарат шығарады
Merck & Co.
Нарықтық капитализация: 251 млрд доллар
Merck қатерлі ісікке қарсы Keytruda препаратымен және басқа да антибиотиктерді әзірлеумен әйгілі.
Roche
Нарықтық капитализация: 229 млрд доллар
Roche диагностикалық құралдар мен қатерлі ісікке қарсы дәрілердің, оның ішінде Herceptin және Avastin жетекші өндірушісі .
Novartis
Нарықтық капитализация: 208 млрд доллар
Онкология, иммунология, офтальмология және гендік терапия саласындағы инновациялық зерттеулерімен танымал. Оның ең маңызды өнімдері қатарына Cosentyx (иммунология) және Kymriah (гендік терапия) жатады. Сонымен қатар компания жүрек-қан тамырлары ауруларына және қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрілерді әзірлеуге айтарлықтай қаржы бөлуде
AstraZeneca
Нарықтық капитализация: 203 млрд доллар
Британдық-шведтік компания онкология, кардиология және респираторлық ауруларға арналған дәрі-дәрмектер шығарады.
Amgen
Нарықтық капитализация: 158 млрд доллар
Amgen — әлемдегі ең ірі биотехнологиялық компаниялардың бірі, оның 2024 жылғы нарықтық капитализациясы шамамен 170–180 миллиард доллар шамасында
Компания биология негізінде әзірленген инновациялық препараттарға маманданған. Оның өнімдері қатерлі ісік, остеопороз, жүрек-қан тамырлары аурулары, сондай-ақ сирек кездесетін ауруларға арналған. Соңғы уақытта Amgen семіздікке қарсы жаңа препараттың клиникалық зерттеулерінде жоғары нәтижелер көрсеткені үшін ерекше танымал болды.