Тоқаев қол қойды. 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сенат бұл заңды 2024 жылдың 5 желтоқсанында мақұлдаған болатын. Бірақ бұл заң қабылданбай тұрып, бір рет Мәжіліске қайтарылған. Сенаторлар Үкімет ұсынған бюджет жоспарынан сәйкессіздіктер тауып, жобаға түзетулер енгізді.