Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сенат бұл заңды 2024 жылдың 5 желтоқсанында мақұлдаған болатын. Бірақ бұл заң қабылданбай тұрып, бір рет Мәжіліске қайтарылған болатын. Сенаторлар үкімет ұсынған бюджет жоспарынан сәйкессіздіктер тауып, жобаға түзетулер енгізді.
Сенат жанындағы Қаржы және бюджет комитеті бұл заңға 136 ұсыныс енгізген. Осы ұсыныстар негізінде салыстырмалы кесте әзірлеп, мәжіліс қаралды. Комитет депутаттары осы жылғы ЖІӨ болжамдарының 3 рет өзгергенін ескере келе, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 5,6% көлемінде болады деген болжамына күмәнмен қарайтынын, сонымен бірге инфляцияның төмендейтініне және үкіметтің салық түсімдерін 3 трлн теңгеге артатыны туралы болжамдарына сенбейтінін ашық айтты.