Грузияда 1 ғана кандидат қатысқан президент сайлауы өтті. Елдің 6-шы президенті ретінде бұрынғы футболист таңдалды

Жарияланды
Михаил Кавелашвили бұрын футболист болған / Фото: Irakli Gedenidze / File Photo / Reuters

Грузияның 6 президенті болып Михаил Кавелашвили сайланды. Сайлаушылар коллегиясы «Грузин арманы» партиясының кандидаты Кавелашвилидің президент болып сайлануы үшін 200-ден аса дауыс жиналғанын мәлімдеді. Бұл туралы грузин басылымдары хабарлады.

Михаил Кавелашвилиге коллегияның 300 мүшесінің ішінен 224 адам дауыс берген. Жалпы, сайлаудың өткенін растау үшін кемінде 151 сайлаушының даусы керек.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Натия Иоселиани сайлау процесі ресми түрде өткенін мәлімдеген.

Алайда бұл сайлауды парламент ғимаратының маңына жиналып жатқан наразы топ мойындамайтынын жеткізді. Бұл сайлауды Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили де мойындамайды. Сайлау қарсаңында Тбилисиде оппозициялық күштер ұйымдастырған жаппай наразылық шерулері басталды.

Сондай-ақ оқыңыз