Акция және облигациялар. Нарықтағы жағдайға қатысты макро-шолу

Жарияланды
облигациялар
Мемлекеттік облигациялар нарығындағы белсенділік төмендеген / Фото: kursiv.media архив
Квазимемлекеттік сектордағы жағдай

Квазимемлекеттік секторда «Бәйтерек» ұлттық холдингі қарашада облигацияларын бір ғана орналастыру болды. Орналастырудың жалпы көлемі шамамен бес тоқсанды құрайтын өтеу мерзімімен 100 млрд теңгені құрады, кірістілік 13,89% деңгейінде. Алайда бұл жолғы сұраныс қыркүйек айындағы орналастырылған сұраныстан төмендеп, 250-ден 112%-ға дейін төмендеді. Десе де, қатысушылардан түскен өтігім саны артығырақ болды.

Мемлекеттік облигациялар нарығы

Жалпы мемлекеттік облигациялар нарығындағы белсенділік төмендеді. Мәселен, Қазақстанның мемлекеттік облигациялар нарығында қарашада жалпы сомасы 47,9 млрд теңгені құрайтын үш орналастыру болды. Бұл қазан айының нәтижесінен 92%-ға және өткен жылдың қараша айының нәтижесінен 49%-ға аз.

Ұсынысқа орташа өлшенген сұраныс 175-тен 223%-ға дейін өсіп отыр. Қаржы министрлігі алтыншы ай қатарынан орта есеппен жоспарланған құнды қағаздар көлемін әдеттегіден артық сатты. Мұндағы үш орналастырудың екеуінің өтеу мерзімі 14 және 15 жылды құрайтын ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға арналды. Бұл қағаздар бойынша кірістілік 13,17 және 13,3% құрады. Жалпы алған бұл шығарылымдар қазан және қыркүйек айларында тіркелген деңгейлермен сәйкес. Ал үшінші орналастыруда өтеу мерзімі екі жылдан сәл аз бағалы қағаздар шығарылды. Олардың кірістілігі қазан айының ортасымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп, 12,99%-ға қарсы 12,5%-ды құрады.

«Қазатомөнеркәсіп»

Қараша айында Лондон қор биржасында «Қазатомөнеркәсіптің» Жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) 3,5%-ға қымбаттап, бағасы 40,45 долларға жетті. KASE-де де акциялары 7,8%-ға қымбаттап, 20 480 теңгені құрады. Алайда теңгенің 5%-дан астам әлсіреуі аясында биржалар арасындағы баға айырмашылығы LSE пайдасына 1,8%-ға ғана өсті. Одан бөлек уранның нарықтық бағасы қараша айында екінші ай қатарынан 3,2%-ға төмендеп, соңғы жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен еді. Қараша айының соңында оның құны бір фунт үшін 77,1 долларды құрады.

Осыған қарамастан, URA уран қорының ETF бағасы қайтадан көтеріліп, 5,3%-ды құрады. Жалпы, компания үшін ең маңызды жаңалық – 2024 жылдың үш тоқсанының қаржылық есебін шығару болды. Компанияның 2024 жылдың тоғыз айындағы кірісі 1,14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға өсті. Жалпы маржа 45%-дан 39%-ға дейін төмендеді. Бұл негізінен күкірт қышқылының тапшылығына байланысты шикізат құнының жыл сайынғы 59%-ға өсуіне байланысты болды.

Дегенмен, EBITDA маржасы айтарлықтай төмендеді: қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындардағы таза пайданың жыл сайынғы 154%-ға ұлғаюының арқасында 52-ден 51%-ға дейін төмендеді. Акционерлерге тиесілі 296 млрд теңге («Буденовское» БК) бизнесті сатып алудан түскен біржолғы қолма-қол ақшасыз кірісті есепке алмағанда түзетілген таза пайда 309 млрд теңгені (жыл сайынғы көрсеткіштен +33%-ға артық) немесе бір акцияға 1 192 теңгені құрады.

Сондай-ақ компания өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты 87,5 млрд теңге сомасында доллармен индекстелген облигациялардың өтемін жапты. Қараша айының ортасында компания акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізіп, онда CNNC және China National Uranium Corporation-мен уран концентратын сату бойынша ірі мәмілені бекітті. Сондай-ақ компания Буденовское кен орнының Северное учаскесінде уран барлау құқығын алды.

«ҚазТрансОйл»

«ҚазТрансОйл» акциялары қарашада 0,3%-ға, ал бағасы 812 теңгеден 814 теңгеге дейін өсті. Баға белгілеулері бесінші ай қатарынан бүйірлік трендте қозғалып отырды. Бұл компанияның да 2024 жылдың алғашқы тоғыз айындағы қаржылық есебінің жариялануы басты жаңалық болды. «ҚазТранс Ойл» компаниясының тоқсандық кірісі жыл сайынғы көрсеткіште 6,2%-ға өсіп, 79 млрд теңгені құрады.

Ал үшінші тоқсандағы жалпы табыс 18,9% құрады, бұл соңғы он тоқсандағы ең жақсы көрсеткіш. Дегенмен, EBITDA табысы өткен жылғы 44%-дан 40%-ға дейін төмендеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанында таза пайда 12,1 млрд теңгені немесе бір акцияға 32 теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға аз.

Тағы бір маңызды және жағымды жаңалық экспортқа мұнай тасымалдау тарифтерінің 1000 шақырымға 1 тонна үшін 10150 теңгеден 11300 теңгеге дейін көтерілуі болды. Сондай-ақ мұнайды ауыстырып тиеу қызметтерінің үш тарифі көтерілді. S&P рейтингтік агенттігі компанияның несиелік рейтингін тұрақты болжаммен BB+ деңгейінде қалдырды.

«KEGOC»

«KEGOC» акциялары қарашада 2,5%-ға аздап өсті, ай соңында акция бағасы 1 478 теңгеге жетті. Қазан айында дивидендтердің кесілуіне байланысты күрт құлдыраған акциялар қараша айында өсуін баяулатқан еді. Компания 2024 жылдың тоғыз айындағы қаржылық есебін жариялады. Ондағ көрсеткіштерге сәйкес, компанияның 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға және 1,1%-ға өсті.

Компанияның тоқсандық жалпы табысы 2023 жылғы 19,1%-дан 21,7%-ға дейін өсті, ал оның тоқсандық EBITDA табысы өткен жылғы 36,9%-дан 35,7%-ға дейін төмендеп отыр. Таза пайда 11,9 млрд теңгені немесе бір акцияға 43,1 теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы деңгейден 112%-ға жоғары.

«ҚазМұнайГаз»

Қарашада «ҚазМұнайГаз» акциялары екі ай қатарынан құлдыраудан кейін қалпына келіп, 3,1%-ға көтеріліп, акция құны 13 998 теңгеге жетті. Бұл орайда 2024 жылдың тоғыз айының қаржылық есебінің шығуы маңызды жаңалықтардың бірі болды.

«ҚазМұнайГаздың» 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы кірісі 2,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға аз, бірақ алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 4,8%-ға артық. Түзетілген EBITDA жыл сайынғы 67%-ға және 29%-ға өсіп, 734 млрд теңгені құрады. Ал түзетілген EBITDA табысы екінші тоқсандағы 25%-дан біршама көтеріліп, үшінші тоқсанда 31%-ға дейін өскен.

Өсімге негізінен бірлескен компаниялардың 2023 жылғы 41 млрд теңгемен салыстырғанда 249 млрд теңге көлеміндегі дивидендтер әсер еткен. Солайша ҚМГ акционерлеріне тиесілі тоқсан сайынғы таза пайда 311 млрд теңгені құрады Сонымен бірге ҚМГ-ның таза қарызы тоқсан сайын 15%-ға және жылдық көрсеткште 34%-ға төмендеді. Ал қарыздың EBITDA-ға қатынасы 0,78-ден 0,42x-ға дейін төмендей түсті.

Компания 2024 жылға бір акция үшін 74 теңге көлемінде дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылдың сомасынан 17%-ға артық. Сонымен бірге компания «Татнефть» компаниясымен бірлесіп «Қаратон Подсолевая» учаскесінде бірінші барлау ұңғымасын бұрғылауды бастайтыны туралы жаңалық компанияның жалпы нарықтағы жағдайына оң әсер етті.

Басқа компаниялар туралы

«Эйр Астана» акциялары қарашада KASE-де 4,2%-ға артып, бағалар қалпына келе бастады. Солайша акция құны 790 теңгені құрады. Дегенмен, Лондон қор биржасында ЖДҚ 1,1%-ға арзандап кетті. Доллар бағамының өзгеруіне байланысты акциялар мен ЖДҚ арасындағы баға айырмашылығы 1,3%-ға дейін төмендеді. Негізгі өсімге 2024 жылдың тоғыз айының қаржылық есебі әсер етті.

Ондағы есепке сәйкес, «Эйр Астананың» тоқсандық жиынтық табысы 195 млрд теңгені құраған. Бұл 2023 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 16%-ға артық. Үшінші тоқсанда операциялық пайда 36 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға артық. EBITDAR бойынша табысы – 30,9%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылай түсті.

2024 жылдың алғашқы тоғыз айында, қайталанбайтын кірістер мен шығыстарды есептемегенде, EBITDAR доллармен есептегенде 11%-ға өсті. Нәтижесінде тоқсандық таза пайда 22,6 млрд теңгеге жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Қараша айында компания есеп жарияланғаннан кейін қазан айында тоқтатылған акцияларды сатып алуды қайта бастады. Бір ай ішінде компания жалпы сомасы 1,15 миллион долларға акцияларды сатып алды, бұл көрсеткіш тамыз және қыркүйек айларымен салыстырғанда біршама төмен.

Kaspi.kz қараша айында Nasdaq бойынша 3,4%-ға төмендеп, қысқа сатушылардың қыркүйектегі шабуылына дейінгі деңгейге орала алмай жатыр. Айдың соңында бір бағалы қағаздың соңғы бағасы 106,4 доллар болды. Ал KASE-де бағамы 1,2%-ға төмендеді. Алайда, KASE акцияларындағы сыйлықақы доллар бағамының өзгеруіне байланысты 5,1-ден 1,8%-ға дейін төмендеді. Десе де, өткен ай салстырмалы түрде тыныш өтті деуге болады. Айта кетейік, компания Өзбекстанның Humo төлем жүйесін жекешелендіруге одан әрі қатысудан бас тартты. Сондай-ақ акционерлердің кезектен тыс жиналысы өтіп, онда бір акцияға 850 теңге мөлшерінде тоқсан сайынғы дивиденд көлемі бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыз