Экс-президент Назарбаев Путинмен кездесу үшін Мәскеуге барды
Жарияланды
Тәуелсіздік күні қарсаңында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге барды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Владимир Путин Ново-Огаревода Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», – делінген баспасөз хабарламасында.
Кремльдің баспасөз қызметі экс-президент пен Путиннің қандай мәселе бойынша кездескенін нақтыламаған.
Айта кетейік, Назарбаев пен Путин өткен жылдың желтоқсанында да Мәскеуде кездескен болатын. Ол кезде Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екеуінің жеке кездесу өткізгенін мәлімдеген болатын.