Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшірілді. ІІМ көшелердегі тәртіпті камера арқылы бақылайды

Жарияланды (жаңартылды )
полиция Казахстана
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді / Фото: kursiv.media

Қазақстанның барлық өңірінде полиция жұмысы күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті», – делінген хабарламада.

Тәуелсіздік күні қарсаңында құзырлы орган қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзетті күшейтпек. Әсіресе, мерекелік іс-шаралар өтетін жерлер мен азаматтар көп жиналатын орындар бақылауға алынады. Ал мемлекеттік қорғауға жататын маңызды нысандарға полиция нарядтары қойылады.

Бұдан бөлек жедел басқару орталықтары бейнебақылау камералары арқылы қалалар мен елдімекендердің көшелеріндегі тәртіпті жіті бақылап отырады.

«Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз