Австрия билігі еліне қайтуға ниет білдірген сириялықтарға 1 мың еуродан төлейтінін мәлімдеді
Башар Асадтың режимі құлаған соң, Австрия билігі елді паналап жүрген сириялық босқындарға Сирияға қайтуды ұсынды. Осы орайда Сирияға қайтуға ниет білдірген әрбір сириялыққа 1000 еуро көлемінде көмек көрсетілмекші. Бұл туралы Австрия канцлері Карл Нехаммер мәлімдеді.
«Австрия отанына оралғысы келетін сириялықтарды 1000 еуро көлемінде қайтару бонусымен қолдайды. Бұл елге өз азаматтары керек болады», – деп жазды ол Х әлеуметтік парқшасында.
Сонымен бірге канцлер Сирия азаматтарына пана беруге қатысты бағдарламалардың тоқтатылатынын жеткізді. Бұрын Башар Асадтың режимінен қашқан сириялық босқындарға Австрия пана беретін.
Жалпы Сирия азаматтарының Еуропаға қарай қоныс аударуына елдегі азаматтық соғыс себеп болды. 2015 жыл ЕО-дан 1,3 млн адам, 2016 жылы 1,19 миллион адам пана алуға өтініш білдірген.
Айта кетейік, Сириядағы диктаторлық режим қараша айының соңында құлап, президент Башар Асад Ресейге қашуға мәжбүр болды.