Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы президент Юн Сок Ёлге импичмент жариялады
Сенбіде Оңтүсік Кореның Ұлттық ассамблеясы президент Юн Сок Ёлге әскери жағдай енгізгені үшін импичмент жариялады. Бұл туралы елдің Yonhap басылымы хабарлады.
Импичмент жариялауға қатысты бастаманы ассамблеяның 224 мүшесі қолдаған. Ал 85 дауыс қарсы болған, үшеуі қалыс қалып, 8 дауыс жарамсыз деп танылған. Дауыс беруге 300 адам қатысқан.
Импичмент жарияланғаны себепті Юн тергеу аяқталып, конституциялық сот қызметін қалпына келтіру немесе қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін, президент ретіндегі міндетін орындай алмайды. Ал импичмент президент кеңсесіне жеткізілген кезде күшіне енеді.
Юн Сок Ёл қызметінен шеттетілген уақытта президент міндетін премьер-министр Хан Док Су уақытша атқарады. Импичмент процесі 180 күнге созылуы мүмкін. Егер импичмент расталса, Юн 2017 жылы бұрынғы президент Пак Кын Хеден кейін биліктен шеттетілген екінші президент болмақ. Хе 2017 жылы биліктен шеттетілген болатын. Мұндайда елде 60 күн ішінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізілуі мүмкін.
Мәселенің мән-жайы
Алайда президенттің бұл шешіміне Ұлттық ассамблея қарсы шығып, әскери жағдайды тоқтатуға дауыс берді.
Артынша елдің оппозициясы президент Юн Сок Ёл отставкаға кетпесе, импичмент жариялайтынын мәлімдеді.
Ал 12 желтоқсан күні президент теледидар арқылы мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді.