Lifestyle

BMW да, Toyota да емес: 2025 жылы сатып алуға ұсынылатын ең мықты автомобиль брендтері анықталды

2025 жылы сатып алуға ұсынылатын ең мықты автомобиль қандай? / Архив: kursiv.media

Green Car Reports халықаралық басылымы жылына бір рет нарықтағы ең жайлы және ең «жасыл» көліктердің тізімін жасайды. 2025 жылы сарапшылар тобы сатып алуға ұсынған көліктер бестігі қандай? Неге тап осы брендтер? «Курсив» тілшісі талдап көрді.

Америкада шығарылған авто көш бастап тұр

Chevrolet Equinox EV – 2024 жылдан бастап Chevrolet брендімен General Motors шығарған шағын кроссовер. Equinox EV іштен жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін Equinox-қа қарағанда ерекше. Авто 2022 жылдың қаңтарында Тұтынушылық электроника көрмесінде көрсетілді. 2023 жылдың күзінде компания темір тұлпарды 2024 жылы сатылымға шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Авто дилерлер сөзінде тұрып, «жасыл» көлікті биылғы жылдың мамырында нарыққа шығарған еді.

Equinox EV General Motors компаниясының BEV3 платформасында жасалған. 2024 және 2025 жылғы модельдер үшін Equinox EV CCS1/J1772 зарядтау интерфейсін пайдаланады. 2026 және одан кейінгі жылдары үшін оның орнына NACS/J3400 зарядтау интерфейсі қолданылмақ. Сарапшылар бұл көлікті біріншіден кеңдігі, екіншіден қалтаға тиімділігі және дизайны жағынан да сәнді болғаны үшін жоғары бағалаған. Бастысы – капоттың астындағы сенімді технология мамандардың қошеметіне ие болды.

Темір тұлпардың барлық модификациясы 290 ат күші бар екі қозғалтқышқа орнатылған. Сонымен қатар Equinox EV барлық модельдің қатары толық жетекті болып келеді. Бұл да бір басымдық болса керек.

Кішкентай, бірақ сыйымды 

Сарапшылар ұсынған келесі темір тұлпар кореялық танымал бренд өндіретін – Hyundai Kona Electric. 2018 жылдың ақпан айында Hyundai Kona шағын кроссоверінің электр қуатымен жүретін нұсқасын ұсынды. Бұл «жасыл» көлікті шығару авто диллері үшін бірінші тәжірибе емес. Себебі бұған дейін Ioniq Electric моделі шығарылған болатын.

Кішкентай, бірақ сыйымды, қаланы екі айналсаң да аз ғана энергия шығындайтын авто АҚШ нарығында танымал. Бұл автоны Қазақстан жолдарынан да кездестіруге болады. Hyundai Kona Electric арнайы санаттағы электрокар емес. Алайда сарашылар пайымынша, өнімділігі мен жүрісі жағынан жанармаймен жүретін Kona-дан асып түсетін көлік болуы мүмкін. Мамандар аталған автоны Hyundai Ioniq-тен бір қадам алда деп есептейді. Мұның сыры неде? Басты «құпия» Kona-ның 64,2 кВт/сағаттық үлкен аккумуляторында. Бұл авто Hyundai-дың шағын жол талғамайтын көлік нарығындағы орнын толтыра түсіп, Tesla Model 3 және Chevrolet Bolt-пен бәсекелес атанды.

Ең жылдам және ең қымбат тоқпен жүретін көліктердің бірі

Бұл – Porsche Macan Electric. Зауыттан шыққанша аты аталмай, Mission E ретінде танымал болған болған. Ол – танымал премиум бренд Porsche-ның өндірген екінші электр көлігі. Сондай-ақ аккумулятормен жұмыс істейтін жол талғамайтын бірініші көлігі болды. Жаңа PPE платформасында құрылған авто сыртқы дизайны жығынан – Taycan және Cayenne Coupe стилінде құрыстырылған. Кроссовердің көлемі де басқа электрокарларға қарағанда біршама үлкендеу. Ал жол талғамайтын көліктің есіктері жақтаусыз жасалған.

Темір тұлпарға 100 киловатт литий-ионды батарея орнаталған. Көлік режиміне байланысты 516-дан 784 шақырымға дейін қашықтықты еш қиындықсыз жүріп өтеді. Ал Turbo режимінде көрсеткіш төмендейтіні анық. Орта есеппен 613 және 591 шақырым қашықтыққа еркін қатынауға мүмкіндік береді. Аккумуляторды 270 киловатт станциялардан зарядтауға болады. 10-нан 80% -ға дейін зарядтау үшін 21 минут жеткілікті. Алайда басты артықшылығы – авто 3 секундта сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдық алады. Бұған қоса авто брендіне сай люкс санатындағы жол талғамайтын көліктердің қатарына кіреді.

Қазақстан нарығына таңсық авто

Сарапшылар ұсынған бұл көлікті Қазақстан жолдарынан кезіктіруіңіз екі талай. Rivian R1S – бұл сәнді, қуатты және инновациялық технологияны біріктіретін электр көлігі. Жүрісі жылдам, экологиялық таза көлік іздейтіндер үшін таптырмас авто. Бұл көлік 2022 жылы өндіріле бастады. Конфигурациясына байланысты автомобиль екі немесе төрт электр қозғалтқышымен жабдықталған. Rivian R1S 3 секундта сағатына 97 шақырым жылдамдыққа дейін жүйітки алады. Жеті орындық авто отбасылық демалыстарға таптырмас көлік. Салмағы жеңіл, шассиі жалпақ. Осыны ескере отырып, автомобиль халық арасында «скейтборд» деп аталып кеткен. Ол 3 деңгейдегі жартылай автономды жүргізу жүйесімен жабдықталған және асфальтта және жол жоқ жерде де жүруге жайлы.

Тағы бір оңтүстіккореялық марка

Мамандардың назары ауған тағы бір көлік – оңтүстіккореялық Kia Motors корпорациясы 2021 жылдан бері шығарған электромобиль – Kia EV9. Ол алғаш рет 2021 жылдың 11 қарашасында көрсетілді. Көлік 2021 жылдың 17 қарашасынан бері Лос-Анджелесте шығарыла бастады. 2024 жылы Дүниежүзілік жыл көлік (WCOTY) сыйлығын жеңіп алды. Финалда модель бәсекелестері – BYD Seal және Volvo EX30-ды басып озды. Кейін Kia EV9 жылдың ең үздік электромобилі деп танылды.

Kia EV9 моделі 22 дюймдік дөңгелектермен жабдықталған. Жарық шамдары алдыңғы фасцияға біріктірілген. Артқы жағында күн батареясы бар. Артқы көрініс айналарының орнына камералар бар. Көліктің «Белсенді», «Кідіріс» және «Жайлы» режимі бар. Жол талғамайтын көлік 20 минутта 10-нан 80%-ға дейін зарядталады. Модель өлшемі бойынша Kia Telluride қарағанда үлкенірек. Алдыңғы жағында 214 ат күші, ал артқы жағында 362 ат күшін беретін қозғалтқыш орнатылған. Айта кететіні, Америкадағы ең ескі автокөлік брендтерінің бірі – Cadillac электромобиль шығармақ. Авто концерт жуырда осы жаңалығымен бөлісті. Электрокроссовердің құны жуырда жарияланған болатын. Бірден айту керек оның бағасы 45 млн теңгеден жоғары болмақ.