Қазақстанда концерт өткізіп жүрген ресейлік әнші Даша Дошик салықтан жалтарғаны үшін жазалануы мүмкін

Жарияланды 15 Желтоқсан 2024 18:45

(жаңартылды 15 Желтоқсан 2024 21:34)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Даша Дошик
Әртіс Қазақстанның тумасы болып шықты / Фото: favot.media

Ресейде Tiktok жұлдызы және әнші Дарья Перова салықтан жалтарды деген кінә тағылып отыр. Оның салық заңнамасын бұзғаны анықталса, біраз шығынға батуы мүмкін.

Әртіс Қазақстанның тумасы болып шықты. Ашық дереккөздерде Талғар қаласында дүниеге келгені жазылған.

Mach басылымының ақпараты бойынша Даша Дошик деген атпен танымал болған блогер Қазақстанда жеке концертін жиі өткізеді. Бірақ сауық кештерін көмекшісі арқылы ұйымдастырады. Көмекшісінің атынан жеке кәсіпкерлік ашқан. Сол арқылы жеңілдетілген салық төлейді. Соның нәтижесінде ол табысының 6-ақ пайызын алым-салыққа аударады. Ал негізінен пайданың 30%-ын мемлекетке төлеуі тиіс. Оның бір концертінің құны 1,7 млн рубль болады.

Ресейде үш жылда заңсыз салық төлемі 2,7 млн рубльден асқан адамға қылмыстық іс қозғайды.

Сондай-ақ оқыңыз