Жаңалықтар

Mango сән киімі дүкендерімен танымал болған Исак Андик таудан құлап қаза тапты

Mango иесі Исак Андик таудан құлап қаза тапты/ фото Handout/AFP

Mango киім дүкендер желісінің негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Исак Андик Каталония тауында серуендеуге шыққан кезде қаза тапты деп жазды El País. Ол 71 жаста еді.

Андик Монсеррат маңындағы тау жотасындағы шатқалға құлаған. Ол отбасы мүшелерімен демалуды ұйғарған. Олар бірге Барселонадан 50 шақырым жерде орналасқан танымал туристік орын – Сальнитра үңгірлеріне барған.

Исак Андик пен оның ағасы Начман 1984 жылы Mango әйелдер киімінің алғашқы дүкенін ашты. Қазір желіге 120 елдегі 2700-ге жуық дүкен кіреді. Андик пен оның отбасының байлығын Forbes журналы 4,5 миллиард долларға бағалаған.

Кәсіпкер Испанияда ауқатты адамдардың бірі болды. Ол 1969 жылы Ыстанбұлда дүниеге келген. Кейін Испанияға көшіп келген. Ағасы екеуі осы елде кәсіп ашып, сән әлемінде бренд қалыптастырды.