Медведев Ресей құрамына жаңа аймақтардың қосылатынына сенетінін айтты
«Единая Россия» төрағасы, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресей құрамында жаңа аймақтардың пайда болуы мүмкін деп санайды. Бұл жөнінде «Интерфакс» басылымы жазды.
Медведев Ресей басып алған өңірлерді дамытуға көңіл бөлінетінін айтты.
«Біз бұл аймақтардың (ДХР, ЛПР, Запорожье және Херсон облыстары) әлеуетін толық іске асыруды қамтамасыз етуіміз керек. Халыққа арналған бағдарламада «Жаңа аймақтарды дамыту» бөлімі бар. Айтпақшы, егер біздің елдің құрамына өте жақын орналасқан жаңа аймақтар қосылса, бұл тәжірибе сұранысқа ие болуы мүмкін. Бұлай болуы әбден мүмкін», – деді ол сенбі күні Мәскеуде өткен партия конгресінде.
Бірақ Ресей Федерациясына «жаңа аймақтар» қайдан қосылатынын нақтыламады.
Медведев Путиннің оң қолы болып есептеледі. 2008-2012 жылдары Ресей Президенті болды. Оның кандидатурасына Путиннің өзі де қолдады. Дмитрий кейін тақты Путинге босатып берді.