Абай облысында «Nordgold EK» 10 жыл бойы Орталық Мұқыр кен орнын игереді

Жарияланды
Орталық Мұқыр кенішін игеретін компания жаңа зауыт салмақ/ фото: kursiv.media

Абай облысында «Nordgold EK»  ЖШС Орталық Мұқыр кен орнын техногендік минерал түзілімін игремек. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша 12 желтоқсанда қоғамдық тыңдау өткізілген.

1999-20212 жылдары Мұқыр жерінен «Андас-Алтын» компаниясы қымбат кенді өндірген. Кен орнында құрамында алтыны бар кендердің үш табиғи түрі бар: тотыққан, аралас, бастапқы. Қазіргі кезде өндіріс соның алғашқы түріне бағытталған.

Мемлекеттік комиссия ұсынсымен «Nordgold EK»  кен аумағын барлап шыққан. Бірыңғай экологиялық порталда жарияланған құжатқа сәйкес компания техногендік минерал түзілімін игеріп, одан қымбат кенді өңдеп алмақ. Оған қоса өнеркәсіп қалдықтарын да кәдеге жаратады.

«Бұл жоба бойынша кен қоймаларында қатты тұрмыстық қалдықтар мен тотыққан кен қорларын игеру көзделген. Орталық Мұқыр кенішінде қорларды игеру ашық тәсілмен жүргізіледі. Кәсіпорын қарқынды жұмыс істесе, жобаны 10 жыл ішінде атқарады», – делінген порталда жарияланған құжатта.

Жобаны жүзеге асыру үшін инвестор жаңа кен байыту зауытын салады. Жыл сайын минералды 750 мың тонна шикізатты өндіру жоспарланған. 2025-2034 жылдары аралығында міндеттемені орынау үшін 12 сағаттан екі ауысым болатын жұмыс үдерісін ұйымдастырады.

Орталық Мұқыр кен орны Абай облысы Семей қаласының аумағында орналасқан. Жұмыс учаскесі қаладан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде ашылған. Бұл жер инфрақұрылым қалыптастыруға ыңғайлы. Жаңа Семей теміржол вокзалы осы маңда. Вокзалға асфальт төселген екі жолмен қатынауға болады. Кәсіпорынға 217 гектар аумақты игеру үшін лицензия берілген.

«Nordgold EK» сирек кездесетін металдар мен пайдалы қазбаларды өндіреді. Statsnet.co мәліметі бойынша компания Абай облысында тіркелген. Нарықта жұмыс істеп жатқанына бес жыл болған ЖШС-ның бас директоры – Аян Баялинов деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз