Жаңалықтар

Көктайғақ салдарынан Қарағанды – Астана жолында  700-ден астам көлік тұрып қалды

Қарағанды – Астана жолында  700-ден астам көлік тұрып қалды/ gov.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қарағанды – Астана жолында  700-ден астам көлік жиналып қалды деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта облыста 1000-нан астам автокөлік жинақталған. Әсіресе, күрделі жағдай Қарағанды – Астана бағытында байқалады, онда көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік жиналып қалды», – деп хабарлады ведомство.

Тәртіп сақшылары Қарағанды облысы аумағынан Ақмола облысына дейін көлік тізбегін алып жүруді ұйымдастырды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

«ҚазАвтоЖол» 15 желтоқсан күні таңертең кейбір өңірде жолдар ашылғанын хабарлады.