Қырғыз Республикасының премьер-министрі Акылбек Жапаров қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.
Акылбек Жaпаров Қырғызстан Министрлер Кабинетін 2021 жылғы 13 қазаннан бастап басқарды. Оның премьер-министр ретіндегі жұмысы елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және көрші мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту бағытында жүргізілген түрлі бастамалармен есте қалды.
Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Акылбек Жaпаров Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездескен болатын. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көлік-логистика орталығын салу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарту мәселелері қозғалған еді.
Бұған дейін, Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Дүниежүзілік банктің бас экономисі Аслы Демиргюч-Кунтпен дауласқаны туралы жазған едік. Дүниежүзілік банк ақпаратына сүйенсек, 5,8% өсетін Қырғызстан экономикасы алдағы жылдары 4,5% өсім көрсетуі ықтимал.