Жаңалықтар

ЕуроОдақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар тізімін жариялады

Антироссийские санкции
ЕуроОдақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар тізімін жариялады / фото: shutterstock

Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясына байланысты 15-ші санкциялар пакетін мақұлдады деп хабарлайды ЕО Кеңесінің ресми сайты.

«Ресей Украина мен оның халқына қарсы қатыгез шабуылын жалғастырып жатыр. Бұл санкциялар пакеті – Ресейдің әскери күшін әлсірету және осы соғысқа ықпал ететіндерді, соның ішінде Қытай компанияларын тоқтату шарасы», – деді ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Кая Каллас.

Жаңа санкциялар тізіміне 54 жеке тұлға мен 30 компания кірді. Санкцияларға іліккендер арасында Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Сербия, БАӘ және Солтүстік Корея өкілдері бар. ЕО аталған компанияларға «сауда шектеулерін айналып өтуге немесе Ресейге сезімтал тауарларды жеткізуге» көмектескені үшін экспорттық шектеулер енгізді.

Айта кетерлігі, ЕО алғаш рет Қытай компанияларына да санкция салды. Бұл санкциялар компаниялардың Ресейге дрон компоненттері мен микроэлектроника жеткізуіне байланысты енгізілді. Санкциялар аясында Қытай компанияларына саяхат жасауға тыйым салынып, экономикалық ресурстарды пайдалану құқығы шектелді, сондай-ақ олардың активтері бұғатталды.

Сонымен қатар санкциялар Солтүстік Кореяның екі шенеунігіне де әсер етті. Олар Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрілер жеткізу ісінде маңызды рөл атқарған деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Bloomberg басылымына берген сұхбатында батыс елдері Ресейге салып жатқан санкциялардың қазақстандық компанияларға әсері туралы айтып, еліміздің ережелерді сақтап отыра алмайтынын ескерткен