Талғар қаласының әкімі болып Amanat партиясының атынан түскен үміткер Арыстанбек Әбілқайырұлы сайланды
2024 жылдың 15 желтоқсанында Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Талғар қаласының әкімі сайлауы өтті. Бұл сайлауға 42 774 азамат тіркелгенімен, оның 12 875-і ғана дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігі хабарлады.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, Amanat партиясының атынан түскен үміткер Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып сайланды.
Сайлау барысында үш кандидат бақ сынады. Дауыс беру нәтижесі келесідей болды:
- Арыстанбек Әбілқайырұлы – 9071 дауыс;
- Жәнібек Жанбулатұлы Каденов – 1875 дауыс;
- Әлібек Ғайсаұлы Рамазанов – 1140 дауыс.
Сонымен қатар «Барлығына қарсы» деген нұсқаны 182 адам таңдаған.
Арыстанбек Әбілқайырұл 1983 жылы туған, Талғар қаласының тұрғыны. Бұған дейін «Талғар тұрғын үй» ЖШС-ның директоры қызметін атқарған.
Kursiv Media қалада сайлау барысын бақылап, тұрғындар сайлау өтетіні жөнінде неге білмейтінін сұрады. Комиссия төрағасы әр үйге хабарлама жібергендерін, подъездерге сайлауға қатысу керек екені жөнінде плкаттар ілгенін, көшеде баннерлер орнастырылғанын айтты.