Lifestyle

Қазақстандық кәсіпкер бариста-робот стартабына Америкадан 150 мың доллар тартты

стартап кофе бариста
Бариста-робот стартап үшін Америкадан инвестиция тартты/Фото: Oil Robotics

Қазақстандық IT-кәсіпкер Исмаил Каранкин Oli Robotics атты бариста-робот стартап құрып, 150 мың доллар инвестиция тартты. Баристаның орнын алмастыра алатын робот ЖИ негізінде жасалған, кәсіби түрде кофенің барлық түрін дайындай алады.

Роботты оқыту үшін кофе дайындаудың тамаша үлгілерін жазуға көмектесетін кәсіби баристалар тартылған. Олардың қатысуымен робот процесті жоғары дәлдікпен қайталайды, тіпті латте арт немесе банан сүті қосылған ванильді раф та жасай алады.

 «Тәжірибелі бариста сағатына 60-120 кесе кофе дайындайды. Біздің роботтың қазіргі нұсқасы сағатына 50 кесе дайындайды, бұл сәл баяу сияқты, бірақ келесі нұсқада біз адаммен теңдікке қол жеткізе отырып, сағатына 120 кесе деңгейіне жетуді жоспарлап отырмыз», – дейді Исмаил Каранкин.

Бір бариста роботының орташа құны – 50 мың доллар, оған қызмет көрсету, сондай-ақ кофе, шәрбаттар, сүт, және тағы басқа шығыс материалдарды жеткізуді қосылады. Бұл компанияның тұрақты қайталанатын кірісін құруға мүмкіндік береді.

Oli Robotics негізін қалаушы Исмаил Каранкиннің айтуынша, стартаптың негізгі міндеті – баристаны жалдау мүмкін емес жерлерде, мысалы, жанармай құю бекеттерінде немесе шағын қонақүйлерде роботтарды енгізу.

 «Бұл адамдар алмастырғыш ретінде емес, қайта оларға қосымша көмек ретінде ұсынамыз, бұрын мүмкін болмаған жерлерде жоғары сапалы кофеге қол жеткізуге мүмкіндік ашады», – дейді ол.

Қазіргі уақытта Oli Robotics стартапы Silkroad Innovation Hub-тың Silicon Valley Residency Program акселерациясынан өтіп жатыр, оның аясында Орталық Азиядан келген ең үздік 30 стартаптың бірі ретінде іріктелді.

Oli Robotics-ты алдымен АҚШ нарығында іске қосуды жоспарлап отыр. Ол бекер емес,  2024 жылы бұл елдегі кофе нарығы 28,06 млрд долларға бағаланады, ал 2029 жылға қарай 33,64 млрд  долларға жетеді деген жоспар бар. АҚШ Ұлттық кофе қауымдастығының (NCA) мәліметінше, әрбір америкалық күніне орта есеппен 2-3 кесе кофе тұтынады, ал ең үлкен кофе желілері кофенің өзі және мейрамханаларда тұрақты жоғары сапалы қызмет көрсету үшін процестерді толық автоматтандыруға көшіп жатыр.