АҚШ-тың Висконсин штаты Мэдисон қаласында мектепте атыс болды. Полиция үш адам қаза тауып, жеті адам жараланғанын хабарлады.
DW басылымының ақпаратына сүйенсек, 16 желтоқсанда атыс жеке христиан мектебінде болған. Қарулы шабуылда үш адам қаза тапқан, оның біреуі атысты бастаған мектеп оқушысы. Кәмелетке толмаған жеті бала жарақат алған.
Полиция ақпаратына сәйкес, атысты осы мектептің оқушысы бастаған. Ол мектепке мылтық алып келген. Полиция атыстан кейін,ол өзін-өзі атып өлтірген болуы мүмкін екенін хабарлаған. Алайда тергеу қызметкерлері күдіктінің 9 мм калибрлі тапаншаны қолдануы мүмкін деп болжайды.
Атыс болған оқу орны – Abundant life христиан жеке мектебі. Онда барлығы 390 жуық бала оқиды.
Болған жағдайға түсініктеме бере отырып, Висконсин губернаторы Тони Эверс: «Балаларға, тәрбиешілерге және Abundant life мектебінің бүкіл қауымдастығына көңіл айтып, жарақат алғандардың амандығы үшін дұға етеміз», – деп жедел әрекет ету әскери қызметінен алғыс айтты.
Ресми Вашингтон Ақ үйдің қазіргі иесі АҚШ президенті Джо Байденнің атыс туралы хабардар екенін айтты. Өзге ақпарат берілген жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-та соңғы бес жылда мектеп қабырғасында 1 мыңнан астам атыс болғанын жазған едік.