Жаңалықтар

11 айда Қазақстан экономикасы 4,4%-ға өсті – Байбазаров

2024 жылдың 11 айында ЖІӨ 4,4%-ға өскен / Фото: kursiv.media

2024 жылдың 11 айында Қазақстан экономикасы 4,4%-ға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«2024 жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,3 проценттік тармаққа жеделдеп, 4,4%-ды құрады. Нақты сектордағы өсу 5%-ды құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 4,5%-ға артты», – деді министр.

Бұл өсімге негізінен мұнай емес сектордың дамуы әсер еткен. Бұл сала биыл 5,1%-дық өсім көрсеткен. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс пен сауда, көлік салаларында айтарлық оң өзгерістер байқалған. Бұлардың ішінде ең жақсы өсім көрсеткен сала ауылшаруашылығы мен құрылыс саласы.

Ал сауда 8,2%-ға, көлік қызметтері 8,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,3%-ға артқан.

«Жалпы ішкі өнімнің өсуінің 70%-дан астамы сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс қамтамасыз етілген»,- деді Байбазаров.

Айта кетейік, Kursivmedia басылым тәуелсіздік жылдары ЖІӨ көлемі  қаншалықты өскен жайлы зерттеуін жариялаған болатын.Соңғы 30 жылдағы Қазақстан экномикасының өсу ддинамикасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.