Дауылда жолға шыққан жүргізушілер 15 тәулікке қамалуы мүмкін

Жарияланды
Оның 15 тәулікке қамалуы немесе 10-15 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін./Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Дауылды ескертуді елемей, жолға шыққан жүргізуші Әкімшілік кодекстің 167-бабы бойынша «полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау» деген айыппен жазаға тартылады. Оk 15 тәулікке қамалуы немесе 10-15 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Бұл туралы ТЖМ төтенше жағдайлардың жою департаментінің бас маманы Бауыржан  Ахметалин хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін бір топ қызылордалық жүргізушіге осындай шара қолданылыпты.

«ІІМ полиция қызметкерлері блокпосттарда тұрып, жазаға тартып жатыр», – деді Бауыржан  Ахметалин.

Блокпосттардан өтіп үлгерген жүргізушілердің артынан полиция түсіп тоқтатады.  

«Жолдың жабық екенін білмей, телефоны жоқтықтан, хабар алмай, блокпостарға келген адамдар өтіп кеткісі келеді. Айналып өтетін жолдарды іздейді. Мұндай адамдарға айыппұл салынады», – деді бас маман.

Алайда, Бауыржан  Ахметалиннің айтуынша, бұл – жолда қалып, құтқарылған жүргізушілердің бәріне бірдей айыппұл салынады деген сөз емес. Әңгіме заңды талапты тыңдамай, блокпосттардан өтіп кеткісі келген жүргізушілер туралы болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз