«3-5 жыл» – Экология министрі Алматы мен Астананың түтіннен қашан құтылатынын айтты

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыдағы жеке сектор толық газға қосылған. Астана қаласында осы бағытта жұмыстар қолға алынып жатыр/фото: кursiv.media мұрағаты

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ірі қалалардың ауасы 3-5 жылдан кейін жақсаратынын мәлімдеді.

«Нақты айта алмаймын. Жақсы 3-5 жыл дейін. Жағдай өзгереді. Бұған сенімдімін», – деді министр.

Оның пікірінше, ауаны ластайтын түтіннің шығуына көп фактор бар. Сондықтан түйткілді дереу шешу мүмкін емес.

«Бұл жерде «дәл қазір» деген сөз қолай келмейді. Неліктен? Өйткені түтін пайда болатын көп фактор бар. Өз басым бұған тек қана өнеркәсіп нысандарын кінәлауға қарсымын. Бүгінде көлік саны артып жатыр. Жекеменшік секторда жер үйлер бар. Әрине, қазір шара жасауды бастап кеттік», – деді Ерлан Нысанбаев.

Сол шаралардың бірі ретінде министр жылыту үшін газды пайдалануды атады. Оның сөзіне қарағанда, қазір Алматыдағы жеке сектор толық газға қосылған. Астана қаласында осы бағытта жұмыстар қолға алынып жатыр.

«Жоспарларымызды есепке ала отырып, қалай десек те, осы бағытқа қарай жылжып жатырмыз. Бүгін-ертең түтін болмайды деп айту қиын. Бұл мәселелермен айналысып жатқан адамдар бар. Қалалардағы ахуалды жақсарта аламыз деп үміттенемін», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз