Жаңалықтар

«Росатомпром» Қазақстандағы кәсіпорындарын қытайлық компанияға сатпақшы

Қазақстандағы уран кәсіпорындарын қытайлықтар сатып алады/Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазатомөнеркәсіп» ресейлік серіктесі «Росатомның» кейбір бірлескен кәсіпорындардың құрамынан шыққаны туралы хабарлайды.

«Росатомға» қарайтын «Ураниум Уан Груп» АҚ  өзіне тиесілі  «Заречное» БК» АҚ-ның акциясының 49,979%-ын сатты. Сатып алушы – SNURDC Astana Mining Company Limited», – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

«Заречное» БК» АҚ Түркістанда уран өндірумен айналысатын кәсіпорын.

 «Ураниум Уан Груп» АҚ осындай тағы екі кәсіпорынды қытайлық China General Nuclear Power Corporation-ға сатуды жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30%-ын және «Қызылқұм» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30%-ын қытайлық тарапқа бермекші.

 «Хорасан-U» Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнында уран өндіреді. Ал өндірілген шикізатты «Қызылқұм» ЖШС өңдеуден өткізеді.

«Қазатомөнеркәсіп» жаңа серіктестерін құттықтап, бірлескен жұмыста табыс тілейді. Осы жылы Қазатомөнеркәсіп перспективалы учаскелерде уранды барлауға төрт жаңа лицензия алды, оларды компания тек өз күштерімен орындауды жоспарлап отыр. Алдын ала бағалаулар бойынша, осы перспективалы учаскелердегі жалпы болжамды ресурстар 180 мың тоннадан асады», – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Қазатомөнеркәсіп» акциясының  62,9%-ы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, 12%-ы Қаржы министрлігіне тиесілі, тағы 25%-ы еркін айналымда.

Жақында компания осы жылдың 9 айындағы қаржы есебін жариялады. Әлемдік нарықтағы уран бағасының өсуі оң нәтижесін берген тәрізді. Қаңтар –тамыз аралығында компанияның таза пайдасы 745 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,5 есе артық.