Қараша айында 10 облыста инфляция күшейді

Жарияланды (жаңартылды )
Ұлттық банк 10 облыста инфляция жеделдегенін хабарлады/ фото: kursiv.media

Қазақстанда қараша айы бойынша жылдық инфляция қарқыны баяулады. Елдегі айлық инфляция 0,9% деп белгіленді.

10 облыста инфляция күшейді. Ұлттық банк жылдық инфляцияның ең жоғарғы өсімі елордада деп есептейді.

Азық-түлік тауарлары қарашада 5,4%-ға өсті. Жетісуда азық-түлік қымбаттаған (7,4%). Түркістанда айырмашылық аса байқалған жоқ.

Ал басқа тауарлар бойынша 8% инфляция өсімі тіркелді. Бұл бағытта Түркістанда азық-түлік емес тауарлар бағасы шарықтаған.

«Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасы (жылдық инфляция) 13,3%-ға дейін баяулады (қазанда – 14,3%). Сонымен қатар жалпы республикалық деңгейден баға Астана қаласында (16,2%) біршама жоғары, Түркістан облысында (9,4%) айтарлықтай төмен өсті», – деп мәлімдеді ҰБ.

Сондай-ақ оқыңыз