Жаңалықтар

Астана соты «ҚазАвтожолдың» экс-басшысын 8 жылға бас бостандығынан айырды

«ҚазАвтожолдың» экс-басшысы 8 жылға сотталды
«ҚазАвтожолдың» экс-басшысы 8 жылға сотталды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана соты өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырғаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлын 8 жылға соттады.

«Қылмыстық тергеу органы М. және Ж. есімді азаматтар алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде (ҚК – нің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі) жымқырды деп айыпталды», – деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.

Айыптылған екі азаматтың бірі Асқар Мұратұлы болса, екіншісі бас мердігер болған. Олар 2000-шы жылдардан бері таныс болып шықты.

«ҚазАвтоЖол» экс-басшысына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Ал компания мердігері 8 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Асқар Мұратұлы жолаушылар көлігі саласында жұмыс істеп жүріп, Есіл өзені арқылы өтетін көпірлер проблемасы туралы білген. 2019 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған тұста «ҚазАвтоЖол» Ақмола филиалы мен «Асыл-ЖАС» компаниясы арасында құны 2,2 млрд теңге болатын жөндеу жұмыстарына шарт жасасқан.

2021 жылы сәуір айында Мұратұлы «ҚазАвтоЖол» төрағасы болғанда, тапсырыс берушінің бастамасымен шартты бұзғанымен «Асыл ЖАС» компаниясына ешқандай айып тақпаған. Керісінше, компания істеуі тиіс жұмысты «Dike» ЖШС консорциумына беріп, заңсыз келісім жасайды. Шарт жасағаннан кейін, «Асыл ЖАС» компаниясына алдын ала аванс ретінде 200 млн теңге аударып, оны компания басшысы әрі соттағы екінші күдікті азамат пен «ҚазАвтоЖол» басшысы өзара талан-таражға салған.