Еуроодақ Украинаға 100 мың әскер жіберуді талқылап жатыр – Reuters
Еуроодақ Украинаға 40 мыңнан 100 мыңға дейін сарбаз жіберу мәселесін талқылап жатқан көрінеді.
Reuters мәліметінше, Еуроодақ бұл әскерді атыс тоқтаған соң немесе бейбіт келісім жасалғаннан кейін жіберуді жоспарлап отыр. Еуропалық арнайы қызметтегі дерек көздің айтуынша, бұған 100 мың адам керек болуы ықтимал. Әскери сарапшы Франц-Стефан Гади бұл деректі растап отыр. Басқа дерек бойынша, Еуроодақ бұл мақсатқа 40 мың адам тартуы мүмкін.
Бұл жөніндегі келіссөздерге Франция президенті Эмманюэль Макрон жетекшілік жасап жүр. Мұнша көп әскер Украинаның қауіпсіздігіне кепіл бола алады.
«Біздің әскери қолбасшыларымыз Еуроодақ басшыларының қарастыруы үшін жоспар жасап жатыр», – деп жауап берген бір шенеунік.
Еуропаның ірі мемлекеттері – Франция, Германия, Польша және Ұлыбритания көп әскер жібере алады.
Украинаға әскер жіберу мәселесі көктемнен бері талқыланып келеді. Алғаш рет Макрон сондай бастама көтерген. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға еуропалық бітімгершілік күштерін жіберу туралы бастама көтерген. Бұл нұсқаны АҚШ Ұлыбританиямен және Франциямен талқылаған. Кейін келіссөзге Украина мен басқа да еуропалық мемлекеттерді қоспақ.