Солтүстік алянс ресейлік шекараға жақын аумақта жылына 40 мәрте әскери жаттығу өткізген. Бұл жөнінде Ресейдің әскери күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов шетелдік мемлекеттердің әскери атташесіне арналған брифинг кезінде мәлімдеді.
«Шиеленіс күшейген сайын Ресей шекарасында НАТО-ның белсенділігі артқаны байқалады. Альянс елдері өткізген кең көлемді әскери жаттығулардың саны жылына 40-қа жетті. Шекараға жақын жерде саны көп әскери контингенттер тұрақты негізде орналасқан», – деді штаб бастығы.
Валерий Герасимов биыл өткен ауқымды «Стедфаст дефендер» атты әскери жаттығуды «Ресейге қарсы риторика» деп атады.
«Оған альянстың барлық елі тартылды. Еуропа құрлығында аса ауқымды әскери әрекеттер әзірленіп отыр», – деді ол.
Оның айтуынша, НАТО «ашық есік» саясатының нәтижесінде Финляндия мен Швеция осы ұйымның толыққанды мүшесі болды. Альянсқа қатысушылардың саны 32-ге жеткен.
Бір қызығы, НАТО бұрын әскери жаттығуларында шартты қарсыластың аты аталмайтын. Украинаға басып кірген соң, қарсылас ретінде Ресейдің аты нақты аталатын болды.