Америкалық киноакадемия «Оскар» сыйлығына үміткерлердің тізімін жариялады.
«Ең үздік шетелдік фильм» номинациясында 15 картина ұсынылған. Олардың қатарында француз Уолтер Саллестің «Эмилия Перес», чех режиссері Жифи Мадидің «Толқындар», палестин режиссерлерінің «Нөлден бастап» және Сенегалдан «Дагомея» атты фильмдер бар.
Бұған дейін «Ең үздік шетелдік фильм» тізіміне қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» атты толықметрі ұсынылған еді. Фильм қазақтың бауырына салу дәстүріне сай әке-шешесінен кетіп, ата-әжесінің қолында өскен баланың өмірі жайлы түсірілген. Голливудқа дейін «Бауырына салу» Аустрия, Баку, Сан-Себастьян фестивальдерінде және Азиялық-Тынық мұхит киножүлдесінде (APSA) марапатталған еді. Бірақ «Оскар» тізіміне енбей қалды.
Одан бөлек «Деректі көркем фильм», «Музыка», «Қысқаметрлі анимациялық фильм», «Дыбыс», «Грим және шаш үлгісі» деген санат бойынша үміткерлер тізімі шықты.
Дауыс беру 2025 жылы 8 қаңтарда басталып, 12 қаңтарда аяқталады. Америкалық киножүлдені тапсыру рәсімі 2 наурызда өтеді.