19-20 желтоқсан күндері Алматы қаласында көлік қозғалысы шектеледі. Біздің елге Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Умара Эмбало жұмыс сапарымен келмек.
Бірақ автобустар шектеуге қарамастан жүре береді.
«Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Умара Эмбалоның 2024 жылғы 19-20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тамыз айында Рысқұлов пен Бөкейханов көшелерінің қиылысында көпір жөнделді. Соған байланысты кейбір көшелер жабылған.
Биыл Қазақстанға ШЫҰ құрамындағы мемлекет басшылары келген кезде де Алматыда көлік қозғалысы шектелді.