Қазақстан ОПЕК+ келісіміне сай өз міндеттемесінен ауытқымайтынын мәлімдеді. Энергетика министрлігі кен орындарында жөндеу жұмысы жүргізілгенін, мұнай өндіруді молайта алатынын хабарлады. Бірақ министрлік ОПЕК+жоспарынан аутқымайтынын қаперге салды.
«Жақында ірі мұнай кен орындарында жүргізілген жөндеу жұмыстары мұнай өндірудің ағымдағы деңгейін арттыру үшін техникалық мүмкіндіктерді күшейтуде. Алайда, Қазақстан мұнай өндіруді 2025 жылға арналған ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелері мен ұсынылған өтемақы жоспарына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді ведмство.
Bloomberg Қазақстан мұнай өндірісін арттырғысы келіп отырғаны туралы жазған. Дегенмен мұның ОПЕК+ ұйымының талабына қарсы екені айтылған.
Қазақстан 2025 жылы мұнай көлемін 97 млн теңгеден асыра алатынын мәлімдеген. ОПЕК+бұған келісімін бермеген. Астана келесі жылы тәулігіне 41 мың баррельден артық мұнай өндірмеуі тиіс.
ҚР Энергетика министрі былтырғыға қарағанда мұнай өндіру 2,1 млн тоннаға кем түсетінін хабарлаған. Бұған ОПЕК+ келісі мен ірі кеніштердіг жөндеу жұмыстары әсер еткенін алға тартты.