Әйелін ұйықтатып, басқа еркектерге зорлатқан Доминик Пеликоға үкім шықты
Франция соты он жыл бойы әйеліне транквилизатор беріп, басқа еркектерді шақырып зорлатқан Доминик Пеликоға қатысты үкім шығарды. 72 жастағы франуз 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдарына сүйенсек, Доминико Пелико әйелі Жизель Пеликоны он жыл бойы наша беріп, ұйықтатып тастап отырған. Осыдан кейін желі арқылы бөтен еркектерді өзінің әйелін зорлауға шақырған. Жалпы 200-ге жуық зорлау оқиғасы болған. Олардың ішінде күдікті ретінде 50 ер адам сот залына шақырылды.
46-на сот зорлық жасағаны, екеуін зорлауға әрекет жасады, тағы екі күдіктіні сексуалды зорлық көрсеткені үшін сот кінәлі деп тапты. Оларды бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Көпшілігі кінәні мойындаудан бас тартты.
Кейбір БАҚ-тың жазуынша, сот процессі кезінде Доминиктің жылап, әйелінен кешірім сұраған. Өзі де 9 жасында зорлық көргенін айтқан. Бірақ сот үкім оқыған кезде «ешқандай эмоция көрсетпеді» дейді.
Тергеу кезінде жәбірлеунші Жизельдің құпия болудан бас тартып, өзін ашық көрсетуі де қоғамда резонанс туғызды. Осы іске көпшіліктің назарын тарту үшін және өзі тәрізді зорлықтың құрбаны болған әйелдерге қолдау білдіру үшін осылай жасағанын айтады.
2024 жылы желтоқсанда ВВС оны әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізіміне қосты.